Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотта мерзімді сарбаз Марат Барқұловты қасақана өлтірді деп айыпталған МО "Батыс" өңірлік қолбасшылығының 25744 әскери бөлімі взводының бұрынғы командирі Дамир Досовтың ісі бойынша процесс жалғасуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
2025 жылғы 24 қаңтардағы жарыссөзде мемлекеттік айыптаушы Амангүл Жұмағалиева зениттік-артиллериялық взводтың 22 жастағы экс-командирі Дамир Досов кезекшілікке келіп, екі оқ-дәрісі бар тапанша алғанын атап өтті. Ол шатырға кіріп, балағат сөздер айтып, басқа әріптестерінің көзінше мылтықты суырып алып оны 18 жасар Барқұловқа бағыттап, оқ жаудырған.
"Досовтың қылмысты абайсызда жасағаны туралы айғақтарына сыни көзқараспен қарауыңызды сұраймын, өйткені ол қарумен жұмыс істеу ережелерін білуі керек еді. Іс бойынша куәгерлер Досовпен нұсқама өткізгендерін растады", – деді Амангүл Жұмағалиева.
Ол соттан Досовты қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп тануды және 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Оның айтуынша, взвод командирі әскери университетте оқыған, қарудың сипаттамаларын білуге, оны басқа адамдарға бағыттамауға, онымен жұмыс істей білуге және атыс жаттығуларынан өтуге міндетті. Досовтың оқталған тапанша туралы білмегені туралы сылтауларын майор Бағдат Майлиевтің және басқа да куәгерлердің айғақтары жоққа шығарады.
Қайтыс болған сарбаздың әкесі мен анасы соттан ұлының өлімі үшін 50 миллион теңге көлемінде моральдық зиянды өтеуді сұрады.
2024 жылғы 7 қыркүйекте Ақтаудағы взвод командирі "Оймаша" полигонының аумағында ПМ табельдік тапаншасынан қатардағы жауынгерге оқ атқан. Салдарынан мерзімді сарбаз Марат Барқұлов көз жұмды. Бұған дейін сот ісінде оқиғаның қалай болғандығын мерзімді сарбаз Махсым Дангаров айтып, куәлік еткен болатын. Ал, 17 қаңтардағы сот отырысында айыпталушы Досов істің абайсызда болған оқыс оқиға екенін мәлімдеді.