Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атыраулық медбикелер “вакцина паспорты” үшін 100 мың теңге алып отырған

Атыраулық медбикелер “вакцина паспорты” үшін 100 мың теңге алып отырған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда қаладағы емханалардың бірінде медбике болып қызмет ететін 32 және 28 жастағы азаматшалар вакцина алғаны туралы жалған ақпаратты енгізгізіп келген. Олар вакцинаның әр кезеңі үшін 50 мың теңгені, яғни екі кезеңі үшін 100 мың теңгені банктік есепшотына аударып алып отырған. Ақшасын аударған тұрғындар емханаға еркін келіп, вакцина алмай-ақ “вакцина паспортын” алып жүрген.

Атырау облысы Полиция департаменті мен облыстық прокуратура бірлесіп жедел іс-шара жүргізу барысында медбикелердің бірі жалған ақпаратты жүйеге енгізгенін, екінші медбике құйтырқы әрекетке барып, вакцина сұйықтығын адам денесіне салмағанын анықтады.

Қазіргі таңда аталған екі күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 206-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ медбикелердің нақты қанша тұрғынға жалған вакцина паспортын жасағандығы анықталуда.

Айта кетейік, 31 шілде күні атыраулық полицейлер жалған вакцина паспортын дайындағаны үшін тұрғындардан 10 мың теңге ақша алып келген 40 жастағы медициналық қызметкерді ұстаған болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты