Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы одан әрі дамыту мәселелерін талқылады

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы одан әрі дамыту мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов экономика және кәсіпкерлік саласындағы сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесудің басты мақсаты – экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу бойынша Үкіметтің экономикалық блогының шаралары мен тәсілдерін талқылау. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин еліміздегі қазіргі экономикалық жағдай туралы баяндап, өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, өңірлерде өсімнің жаңа мүмкіндіктерін іске қосу жөніндегі міндеттерді шешу үшін салық-бюджет реформасын жүргізу тәсілдерін айтты.  

Кездесуге қатысушылар мемлекеттік қаржыны тұрақтандыру және оларды тиімді пайдалану шаралары бекітілген жаңа Салық және Бюджет кодекстері жобаларын талқылады. 

Кездесу барысында «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев, «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовец, «Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы» ЗТБ президенті Виктор Микрюков, «Атамекен» ҰКП төралқасы Фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызметтер комитетінің төрағасы Нұржан Отарбаев, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ Кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Мағзұм Мырзағалиев ұсынылып отырған өзгерістердің экономиканың түрлі салаларына әсері туралы айтты.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Директорлар кеңесінің төрағасы Жақсыбек Құлекеев, «NAC Analytica» Корпоративтік қоры басқармасының төрағасы Расул Рысмамбетов, «Dasco Consulting group» ЖШС басқарушы серіктесі Дәрмен Сәдуақасов, «Fortune Partners» ЖШС бас директоры, MNU салық құқығы мектебінің басшысы Дана Тоқмурзина, ҚМ Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Рустам Жүрсінов, «Комментарий» талдау тобының жетекшісі, экономист Эльдар Шамсутдинов байыпты пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ талқылауға «Талап» Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев, «DESHT» талдау орталығының жетекшісі Қуаныш Жайықов, экономист Ғалымжан Айтқазин, тәуелсіз қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев, «Visor Kazakhstan» инвестициялық компаниясының басқарушы серіктесі Алмас Чукин және басқалар қатысты.

Премьер-министр кездесуге қатысушыларға сындарлы диалог үшін алғыс білдіріп, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктеріне салық-бюджет саласын реформалау мәселелері бойынша айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.

«Президент нақты секторды дамытуды күшейте отырып, экономика құрылымын өзгерту міндетін қойды. Сондықтан талқыланатын реформалар еліміз үшін маңызды. Салық-бюджет реформасы экономиканы одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты жетілдірудің пәрменді тетігі болмақ», — деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Үкімет экономикалық өсуді ынталандырудың барынша тиімді шараларын пысықтау үшін сарапшылармен белсенді түрде жұмыс істеуді жалғастыруда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты