Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында қасақана тәртіп бұзушыларға қатысты ашық сот отырысы өтті

Жетісу облысында қасақана тәртіп бұзушыларға қатысты ашық сот отырысы өтті
Фото: Polisia.kz

Жетісу облысы Текелі қаласында қасақана тәртіп бұзушыларға қатысты жаза түрін өзгерту бойынша ашық сот отырысы өтті, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл процесс қоғамда үлкен қызығушылық тудырып, заңның әділ әрі қатаң түрде жүзеге асырылуының жарқын мысалына айналды.

Іс материалдарына сәйкес, тонау әрекеті үшін сотталған азамат пробация қызметінің бақылауында болған уақытта жаза өтеу шарттарын бірнеше мәрте әдейі бұзған. Белгіленген ережелерге бағынбаудың басты себептері ретінде келесідей деректер тіркелген: алкогольді ішімдік ішкені үшін үш мәрте әкімшілік құқықбұзушылық жасауы, тұрғылықты жерінде болу уақытын елемеуі, сондай-ақ пробация қызметін ескертпестен екі рет қала аумағынан шығып кетуі. Айта кету керек, бостандықты шектеу жазасының бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін екендігі туралы бірнеше рет ескерту жасалғанына қарамастан, сотталушы тәртіп бұзуды жалғастырған.

Жетісу облысында пробация шарттарының сақталуын бақылау қатаң тәртіпке негізделген. Мысалы 2024 жылдың өзінде өңірде 17 сотталушының жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған. Ал Текелі қаласындағы бұл оқиға 2025 жылы тіркелген алғашқы жағдай болып отыр.

20 қаңтар күні өткен ашық сот отырысына жергілікті әкімдік өкілдері, құқық қорғау органдары, пробация қызметі, журналистер мен тұрғындар қатысты. Сот отырысының ашық түрде ұйымдастырылуы әділ сот төрелігінің айқындылығын және заңның үстемдігін көрсетуге бағытталды.

Сот пробация қызметінің жаза түрін ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырып, сотталушының қалған 1 жыл 3 ай және 5 күндік мерзімі бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылды.

Бұл шешім пробация қызметінің бақылауында жүрген барлық азаматтарға тәртіп бұзудың салдары ауыр болатынын ескертетін маңызды қадам болды. Заң талаптарын орындау – әрбір азаматтың міндеті екенін еске салған сот үкімі әділеттілік пен қоғамдық тәртіптің негізі екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты