Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысында есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан күдікті ұсталды

Ақтөбе облысында есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысында есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

14 қаңтарда Ақтөбе қаласында полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында заңсыз есірткі сақтады деген күдікпен жас жігітті ұстады. Жеке тінту барысында оның күртесінің қалтасынан 25 түйіншек табылды. Олардың ішінде зип-пакеттерге салынған ақ түсті, ерекше иісі бар заттар болды.

Сараптама қорытындысымен бұл заттар мефедрон екені анықталды. Тергеп-тексеру барысында ұсталған 22 жастағы жігіт бірнеше күн бұрын Telegram арқылы құжаттарын жолдап, есірткі таратуға жұмысқа орналасқанын және осы қосымша арқылы «жұмыс берушіден» бірнеше нұсқау алып, соңғы үш күнде Ақтөбе қаласында барлығы 54 жерге есірткі жасырғанын айтты.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Күмәнді жолмен ақша табуды көздеген жігіт үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады