Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өткен жылы Алматыда 2,5 мыңнан астам азамат көлік басқару құқығынан айырылды

Өткен жылы Алматыда 2,5 мыңнан астам азамат көлік басқару құқығынан айырылды
Фото: Polisia.kz

Өткен жылы Алматыда 2,5 мыңнан астам азамат көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды  kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылы Алматыда 6 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 105 адам қаза тапты, 7 мыңнан астамы жарақат алды. Қаладағы жол-көлік оқиғаларының тіркелуіне автокөлік қозғалысының тығыздығы әсер етеді: қала сыртынан кіретін көліктерді есепке алғанда, шаһар жолдарында күн сайын 1,5 миллионнан астам көлік жүреді. Сонымен қатар жол апатының деңгейіне баламалы көліктердің: мопедтер мен электрсамокаттардың көп қолданылуы ықпал етті. Олардың қатысуымен өткен жылы 221 ЖКО тіркелді, өкінішке қарай 17 адам қаза тауып, тағы 583 адам дене жарақатын алды.

Бұзушылықтар үшін 84 мыңнан астам мопед жүргізушілері мен самокат пайдаланушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жергілікті рейдтер нәтижесінде 1700 мопед мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

2024 жылы Алматы жолдарында ЖҚЕ бұзудың 4,2 миллионнан астам дерегі анықталды. 2508 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталып, көлік жүргізу құқығынан айырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты