Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде «синтетика» тәркіледі

Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде «синтетика» тәркіледі
Фото: Polisia.kz

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі затын тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Әл-Фараби ауданы аумағында есірткі тасымалымен айналысқан күдіктіні анықтады.Тексеру кезінде ұсталған азаматтың өзімен бірге мефедрон салынған пакеті болған. Полиция қызметкерлері бұл әрекеттің алдын алып, психотроптық заттың 200-ден астам дозасының заңсыз айналымға түсуіне жол бермеді.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынған.

Құқық қорғау органдары есірткінің заңсыз айналымы үшін қатаң жаза, соның ішінде бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады. Тәртіп сақшылары азаматтарды қоғамның қауіпсіздігі мен салауатты болашағы үшін есірткіге қарсы күреске атсалысуға шақырады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді