Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ 2024 жылы ел бойынша 40 sim-box құрылғысын тәркіледі

ІІМ 2024 жылы ел бойынша 40 sim-box құрылғысын тәркіледі
Фото: Polisia.kz

ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті отандық ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, ел аумағында алаяқтық жасау кезінде пайдаланылатын sim-box құрылғыларын заңсыз қолданудың жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырып келеді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түрлі мессенджерлер арқылы қазақстандықтарға қоңырау шалу үшін интернет-алаяқтар sim-box құрылғыларын пайдаланады.

Бұл қылмыскерлерге әлемнің кез келген бөлігінде жүріп, отандық ұялы байланыс операторларына қоңырау шалуға мүмкіндік береді. Тек жабдықтың елде болуы және жергілікті ұялы байланыс трафигін пайдалануы жеткілікті.

– Жалпы өткен жылдың қорытындысына сәйкес ел бойынша 40 sim-box құрылғысы тәркіленді, алаяқтарға көмек көрсеткені үшін 20 адам ұсталды. Жеті деректе ұсталғандар ТМД тұрғындары болып шықты.

2025 жылдың басынан бастап Қарағанды облысында үш sim-box құрылғысы тәркіленіп, екі күдікті адам ұсталды. Sim-box құрылғыларымен жасалатын заңсыз әрекеттерді тоқтату жұмыстары жалғасуда. Бұл мәселе ведомствоның тұрақты бақылауында, – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты