Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Туысын сабырға шақыруды өтінген павлодарлық өзі кінәлі болып шықты

Туысын сабырға шақыруды өтінген павлодарлық өзі кінәлі болып шықты
Фото: Polisia.kz

Павлодар тұрғыны туысын сабырға шақыруды өтінді, бірақ өзі кінәлі болып шықты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа жылдық мерекелерге орай Павлодар қаласының тұрғыны қайын енесі тарапынан тыныштық бермейді деп полицияға шағымданды. Алайда оқиғаның ақ-қарасын анықтаған тәртіп сақшылары ер адамның өзі кінәлі екенін айқындады.

Оқиға барысына үңілсек, күндіз үйде туыстар жиналып, мерекелік отырыс ұйымдастырылған. Дастарқан басында тұрмыстық жағдайларға байланысты сөзге келіспеушілік орын алып, арты жанжалға ұласқан.

Осы жағдайға байланысты үйдің иесі, әйел адам, күйеу баласының әдепсіз мінез-құлқын айтып, оның балағат сөздер айтып, физикалық зорлық-зомбылықпен қорқытқанын жеткізді. Өз кезегінде күйеу бала қайын енесін барлық сәтсіздіктеріне айыптап, керісінше, өзін жәбірленуші ретінде көрсетуге тырысқан.

Тәртіп сақшылары жанжалға қатысушылардың барлығын тыңдап, қонақтардың куәлігі бойынша жанжалдың басты кінәгері күйеу бала екенін анықтады. Ол мас күйінде тәртіп бұзып, жақындарына тыныштық бермеген.

– Барлық дәлелдерді ескерген полиция қызметкерлері ер адамның отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы заңсыз әрекеттері үшін жауапқа тартты. Материал сотқа жіберіліп, сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Айта кетерлігі, жыл басынан бері Павлодар облысында тұрмыстық құқық бұзушылықтары үшін 25 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Заң және тәртіп» қағидаты ішкі істер органдарының қызметінің басты ұстанымы болып қала береді. Әр құқық бұзушы өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауапқа тартылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді