Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандылық полицейлер қайын атасын өлтіруге оқталған азаматты ұстады

Қарағандылық полицейлер қайын атасын өлтіруге оқталған азаматты ұстады
Фото: pixabay.com

Қарағандылық полицейлер қайын атасын өлтіруге оқталған азаматты ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне қала көшелерінің бірінде екі азаматтың арасында жанжал болып, салдарынан бір адам пышақ жарақатын алғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді.

Полиция қызметкерлері оқиғаның 59 жастағы азамат пен оның 52 жастағы күйеу баласының арасында болғанын анықтады.

Қайын атасы күйеу баласына босқа жүре бермей, жұмыс тауып, істеу қажеттігін айтқан. Осы орайда күйеу бала ашуланып, екеуінің арасында жанжал шыққан.

Арада пайда болған келіспеушілік салдарынан 59 жастағы азамат пышақ жарақатын алса, күйеу баласы оқиға орнынан ізін жасырған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 24-99 бабымен (Адам өлтіруге оқталу) қылмыстық іс қозғалды.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады