Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Патрульдік полиция қызметкері алматылықтарды сүйсіндірді

Патрульдік полиция қызметкері алматылықтарды сүйсіндірді
Фото: Polisia.kz

Патрульдік полиция қызметкері алматылықтарды сүйсіндірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде полицей Мерей Сәрсебектің қатысуымен түсірілген бейнелер көп. Бейне авторлары оның зейінділігін, сыпайылығын және сауаттылығын үнемі атап өтеді.

– Мерей Сәрсебек ІІО-да 2020 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қазір ол – взвод командирі. Сауаттылық, кәсібилік, тамаша жұмыс сапасы патрульдік қызметкердің мансаптық өсуіне жақсы көмек болды. Бүгінгі таңда Мерей Сәрсебек – жас тәртіп сақшыларына азаматтарды қорғауды зор ынта-жігермен, адалдықпен үйретіп жүрген тәлімгер. Аға лейтенант Сәрсебек бұл қасиеттерді бүгінде ІІМ-нің ардагері болған әкесінен бойына сіңіргеніне сенімдімін, – дейді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Серік Шумаев.

Мерей Сәрсебек те көптеген әріптестері сияқты жаңа жыл түнін Қазақстанның ірі шаһарындағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жұмыс орнында өткізеді.

– Полиция қазірдің өзінде күшейтілген қызмет түріне ауыстырылды. Біздің міндетіміз – азаматтардың мерекелік көңіл-күйін ешкім де, ештеңе де бұза алмайтынын қадағалау. Менің жетістігімнің сыры неде деп сұрағанда, сыпайылық, зейінділік, дұрыс көзқарас, жауап берушілік және адамгершілік деп айтамын. Мүмкіндігінше ескертемін, түсіндіремін, тереңірек үңілемін. Адамның алғысы менің жүрегімді жылытады, – деді Мерей Сәрсебек.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты