Биыл жыл басынан бастап Алматыда қылмыс деңгейі 10-15%-ға төмендегені байқалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция департаментінің мәліметінше, құқықбұзушылықтарды ашуда бейнебақылау маңызды рөл атқарады: қала бойынша орнатылған 150 мыңға жуық камера қылмысты ашуға септігін тигізеді.Күн сайын полицейлер көшелерде патруль жүргізіп, рейдтер мен түсіндіру жұмыстарын өткізеді. Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шұмаев патрульдік қызметтің 2000-нан астам қылмыстық құқықбұзушылықты ашуға көмектескенін айтады. Алда мерекелік күндер келе жатыр, сондықтан патрульдік полиция гарнизоны мен Полиция департаменті қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін күшейтілген жұмыс режиміне көшеді.Бүгін, 12:49
Алматы қауіпсіз бола түсті: қылмыс деңгейі 10-15%-ға азайды
Фото: pixabay.com
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз