Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік полицейлері есірткі саудасы және қару-жарақ сақтау дерегі бойынша күдіктіні ұстады

Көлік полицейлері есірткі саудасы және қару-жарақ сақтау дерегі бойынша күдіктіні ұстады
Фото: Polisia.kz

Көлік полицейлері есірткі саудасы және қару-жарақ сақтау дерегі бойынша күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы, бұрын бірнеше рет сотталған Шымкент қаласының тұрғынын ұстады. Ол есірткі заттарын заңсыз сатумен айналысты деген күдікке ілінді.

Күдіктінің үйін тінту барысында полицейлер «марихуана» есірткі затын, бақшасында өсірілген қарасораның екі бұтасын, сондай-ақ заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді анықтады. Атап айтқанда: ТОЗ-63 үлгісіндегі тегіс ұңғылы шолақ мылтық, 5,45 мм калибрлі 74 оқ-дәрі, 3 дана «Сайга» патроны, 1 дана ТТ тапаншасына арналған бос патрон, сондай-ақ 16 мм калибрлі 17 аңшылық гильза тәркіленді.

Аталған деректер бойынша бірқатар қылмыстық істер қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 5,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді