Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент әуежайының жаңа терминалы ашылды

Шымкент әуежайының жаңа терминалы ашылды
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент әуежайы жаңа терминалының ашылу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ президенті Владимир Денисов  қатысты.  Ресми іс-шаралар шеңберінде терминал залдарын аралау, «Астана – Шымкент» бағытындағы алғашқы рейсті қарсы алу, рейстің шығуы ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік  инфрақұрылымын дамытудың стратегиялық мәні айрықша екенін атап өткен болатын. Жаңа терминал қаланың экономикасына өз үлесін қосып, транзиттік әлеуетімізді күшейтеді " – деді қала әкімі.

Мегаполис басшысы жобаға еңбек сіңірген азаматтарға алғысын білдірді.Ауданы 40 мың шаршы метрді құрайтын заманауи кешен сағатына 2000 жолаушыға қызмет көрсете алады. Жобаға  24 миллиард қаржы жұмсалды. Соның арқасында барлық халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи, жайлы және технологиялық инфрақұрылым нысаны бой көтерді.  Бұл жолаушылар ағыны мен ұшу географиясын арттыруға және 700 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтарына заманауи талапқа сай қолайлы, жылдам қызмет көрсетіледі.

Алғашқы кезеңде терминалда «SCAT» әуе компаниясының күндізгі ішкі рейстері ұйымдастырылады.Жақын арада «Air Astana» және «Fly Arystan» әуе компанияларының рейстері де осы терминалға ауыстырылады. Сондай-ақ, халықаралық авиатасымалдаушылармен тарифтік саясат және ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілуде. Ал халықаралық сектор мен транзиттік аймақты ашу келесі жылдың басына жоспарланған.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады