Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков шаһардағы бірқатар нысандарды аралау барысында аталған базарда болып, ондағы кәсіпкерлермен кездесті. Нысан иесі кездесу барысында қала басшысынан сауда орындарына сатушылар мен сатып алушыларды тарту бойынша көмек сұрады. Сондай-ақ, істі ілгерілету бойынша шаралар барысымен кеңесті. Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлермен кездесу барысында мемлекет тарапынан бизнестің жеке бастамаларына барынша қолдау көрсету қажет екенін
жеткізген болатын.
"Біз экономиканың өсімін кемінде 6-7 пайызға жеткізуіміз керек. Ол үшін бизнестің жеке бастамаларына барынша қолдау көрсету қажет. Осы бағытта біраз шаруа атқарылды. Дегенмен кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де болса бәсең, өз әлеуетіне сай емес деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, бізге шын мәнінде сапалы серпіліс қажет. Ең алдымен, мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасы мүлде жаңа үлгіге көшуге тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы мемлекет пен бизнесті жаңа «қоғамдық шарт» жасауға шақырғанын атап өткен жөн. Бұл шарттың мәні- мемлекет бизнестің дамуы үшін барынша қолайлы жағдай жасайды және жеке меншіктің толық қорғалуын қамтамасыз етеді. Өз кезегінде кәсіпкерлер өздеріне жүктелген міндетті, атап айтқанда салық төлеу, экономикаға инвестиция құю, жұмыс орындарын ашу, қызметкерлеріне қолайлы еңбек орта қалыптастыру секілді міндеттерді адал орындайды."Біз экономиканың өсімін кемінде 6-7 пайызға жеткізуіміз керек. Ол үшін бизнестің жеке бастамаларына барынша қолдау көрсету қажет. Осы бағытта біраз шаруа атқарылды. Дегенмен кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де болса бәсең, өз әлеуетіне сай емес деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, бізге шын мәнінде сапалы серпіліс қажет. Ең алдымен, мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасы мүлде жаңа үлгіге көшуге тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жоғарыда айтылған негіздемеге сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысына бизнес өкілдеріне қолдау көрсетуді жүктеді.Тұран ауданында апта сайын өткізіліп жатқан жәрмеңкені аталған базарда ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ базарға қоғамдық көлік жүргізу мүмкіндігін қарастыру бойынша тапсырмалар да берді.