Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл СҚО-да полицейлер РФ-ның шекаралас облыстарында іздеуде жүрген 19 қылмыскерді ұстады

Биыл СҚО-да полицейлер РФ-ның шекаралас облыстарында іздеуде жүрген 19 қылмыскерді ұстады
Фото: Polisia.kz

Биыл СҚО-да полицейлер РФ-ның шекаралас облыстарында іздеуде жүрген 19 қылмыскерді ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық полицейлер жақын шет елдердегі әріптестерімен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасасып тұрады. Әсіресе, бұл жұмыс Ресей Федерациясының үш аймағымен шекаралас орналасқан Солтүстік Қазақстан облысында маңызды.

11 айдың ішінде солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер ТМД елдері үшін 38 қылмыскерді анықтап қолға түсірді, оның ішінде 10 қылмыскер – Омбы, ал Қорған мен Түмен облыстары үшін сәйкесінше 6 және 3 қылмыскерді ұстады.

Атап айтқанда, қорқытып алу қылмысын жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген 26 жастағы ресейлік Мамлют ауданында ұсталды. Ол Түмен қаласының тұрғынын қорқытып, Toyota автокөлігін және ақша талап етті деп күдіктелген. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды, кейін ресейлік әріптестерге беріледі.

– Солтүстікқазақстандық криминалдық полиция мен Ресей Федерациясы өңірлерінің ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында жедел-анықтамалық, іздестіру мәліметтері және өзара маңызды өзге де ақпаратпен алмасу ұдайы негізде жүзеге асырылады. Шекаралас ынтымақтастық шеңберіндегі жұмыс 1993 жылғы Құқықтық көмек туралы Минск Конвенциясына және 2008 жылғы РФ ІІМ мен ҚР ІІМ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес жүргізілуде, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты