Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылорда полицейлері іздеуде жүрген 36 қылмыскерді құрықтады

Қызылорда полицейлері іздеуде жүрген 36 қылмыскерді құрықтады
Фото: polisia.kz

Биыл Қызылордалық полицейлер іздеуде жүрген 36 қылмыскерді құрықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Айласын асырып, іздерін жасырып жүрген қылмыскерлерді құрықтау мақсатында қызылордалық полицейлер іздестіру жұмыстарын бір сәтке болса да тоқтатқан емес. Мәселен, полицейлер аса ірі көлемде алаяқтық жасап, тергеуден бой тасалап жүрген облыс тұрғынын ұстады.

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу шарасы барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігімен (Алаяқтық) күдікті қатарында танылып, тергеуден бой тасалап, Атырау қаласында іздеуде жүрген Қызылорда қаласының тұрғынын қолға түсірді. Анықталғандай, бұл азамат алаяқтық жолымен ірі компаниядан 33 миллион теңгеге жуық ақшаны заңсыз иемденген.

Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Жедел уәкілдер іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде 37 жастағы күдіктіні облыс орталығында ұстады.

Қылмыскерлерді іздеу тек ел аумағымен шектелмейді. Іздестіру жұмыстары басқа мемлекеттерде де жүзеге асырылады. Жыл басынан бері қызылордалық полицейлер іздеуде жүрген 36 қылмыскерді құрықтап, хабар-ошарсыз кеткен 24 азаматты іздеп тапты. Іздеу шараларына еріктілер де белсенді қатысады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді