Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлеуметтік желі арқылы көлік алмақ болған елордалық сан соғып қалды

Әлеуметтік желі арқылы көлік алмақ болған елордалық сан соғып қалды
Фото: Polisia.kz

Әлеуметтік желі арқылы көлік алмақ болған елордалық сан соғып қалды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілішісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Есіл аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық фактісі бойынша күдіктіні анықтады.

36 жастағы қала тұрғыны жинаған қаржысына арзан бағамен көлік алуды ойлап, Instagram әлеуметтік желісіндегі көлік сату парақшаларын қарайды. Оның назары құны 3,5 млн теңге тұратын Toyota Camry көлігіне түседі. Жәбірленуші сатушыға хабарласып, онлайн төлем жасап, ақшаны толық аударады. Алайда күдікті жалған түбіртек жіберіп, көлікті бір айдан кейін алатынын айтып, артынша ұялы телефонын өшіріп тастаған.

Тек алты ай өткеннен кейін ғана жәбірленуші өзінің алданғанын түсініп, полицияға жүгінуге мәжбүр болды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Астана қаласының полиция департаменті тұрғындарға алаяқтардың алдау тәсілдерінің сан түрлі екенін ескертеді. Әсіресе онлайн сауда-саттық пен қызметтерді сатып алу барысында сақ болуды, күмәнді ұсыныстарға сенбеуді және төлемдер жасамас бұрын ақпаратты мұқият тексеруді ұсынады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі