Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада ұландық сарбаздар азаматтарға көмек көрсетті

Елордада ұландық сарбаздар азаматтарға көмек көрсетті
Фото: Polisia.kz

Елордада ұландық сарбаздар азаматтарға көмек көрсетті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

12 желтоқсан күні қоғамдық тәртіпті сақтау барысында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің сарбаздары елорда тұрғыны мен шетелдік азаматқа жедел көмек көрсетті.

Алғашқы оқиға Мәңгілік ел даңғылы мен Д. Қонаев көшесінің қиылысында сағат 15:00 шамасында тіркелді. Патрульдеу кезінде қатардағы жауынгер Дәулет Азамат жылап тұрған баланы байқап, дереу әрекет етті.

Оның айтуынша баланың жанына жақындағанында оның шамамен 7 жасар қыз бала екенін және қосымша сабаққа бара жатып жолынан адасып қалғанын байқаған. Бірден жағдайды лейтенант Александр Дрягинге хабарлап, іздеу жұмыстарын ұйымдастырған. Көп ұзамай қыздың анасын тауып, аман-есен табыстаған.

Екінші оқиға Ақмешіт көшесіндегі «MEGA SILKWAY» сауда-ойын-сауық орталығының жанында тіркелді. Патрульдік қызмет барысында Тәжікстан азаматы өзін өте нашар сезініп тұрғанын айтып, көмек сұраған. Қатардағы жауынгер Елжас Дүйсешев бұл туралы дереу лейтенант Мағжан Есенбаевқа хабарлаған.

Оқиға орнына шұғыл медициналық көмек шақырылып, науқас медицина қызметкерлерінің қолына тапсырылды. Ұландардың жедел және кәсіби әрекеттерінің арқасында тағы бір адамның өмірі сақтап қалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады