Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында жеңіл көліктің салонына жылқыны тиеп алған жүргізуші анықталды

Қарағанды облысында жеңіл көліктің салонына жылқыны тиеп алған жүргізуші анықталды
Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысында жеңіл көліктің салонына жылқыны тиеп алған жүргізуші анықталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысы Нұра ауданында патрульдік полиция қызметкерлері 11 желтоқсанда Нұра — Теміртау республикалық автожолында Audi көлігін тоқтатты. Тексеру барысында көлікте жылқы болған.

Көлік жүргізушісі, Бұқар Жырау ауданының тұрғыны, жылқының өзініңкі екенін дәлелдейтін және оны тасымалдауға қатысты ешқандай құжат ұсына алмады. Жүк пен багажды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары ветеринариялық инспекцияға жолданды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жылқының нақты иесін анықтап, жануардың ұрланған-ұрланбағанын тексеріп жатыр.

Айта кетейік, 7 қазаннан бері өтіп жатқан “Мал ұрлығы” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Нұра ауданында мал мен ет өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 37 фактісі анықталды. Оның 20 жағдайында жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты