Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанай облысында “Мал ұрлығы” ЖПІШ аясында заң бұзушылықтар анықталды

Қостанай облысында “Мал ұрлығы” ЖПІШ аясында заң бұзушылықтар анықталды
Фото: Polisia.kz

Қостанай облысында “Мал ұрлығы” операциясы аясында бір тәулікте 100-ге жуық құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысының полицейлері республикалық “Мал ұрлығы” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында мал жаю және тасымалдау тәртібін бұзған 100-ге жуық құқық бұзушылықты анықтап, жалпы сомасы 2,5 миллион теңгеге айыппұл салды.

Операцияға 300-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылып, мал мен етті тасымалдау, сондай-ақ жайылым ережелерін сақтамау фактілерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Аймақта құрылған 50 мобильді бекет жануарларды тасымалдау құжаттарының бар-жоғын тексеруде.

Тексеру барысында құжатсыз мал мен етті тасымалдаудың 24 дерегі анықталып, құқық бұзушыларға жалпы сомасы 1,8 миллион теңгеге айыппұл салынды. Мәселен, Әулиекөл – Жалдама автожолында Mercedes-Benz көлігі тоқтатылып, оның жүргізушісі тиісті құжаттары жоқ 23 жылқыны тасымалдағаны белгілі болды. Ұзынкөл ауданында да осындай жағдай тіркеліп, ГАЗ автокөлігінің жүргізушісі құжатсыз 4 ірі қараны тасымалдағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Мал жаю тәртібін бұзу бойынша 66 құқық бұзушылық анықталып, 730 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Алтынсарин ауданында қараусыз жүрген 30 жылқының иесіне әкімшілік жаза қолданылды.

Операцияның тағы бір маңызды бағыты – бұрын жасалған қылмыстарды ашу. Жітіқара ауданында полицейлер мал базасында тіркелген үш қой ұрлығын ашып, азаматтық қару айналымының екі бұзушылығын анықтады. Әулиекөл ауданында мұрагерлік жолмен қалған қаруды заңсыз сақтаған тұрғыннан 1 бірлік қару тәркіленді.

Сонымен қатар иесі анықталмаған 239 үй жануары мамандандырылған қораларға орналастырылды. Базарлар мен дүкендердегі ет өнімдеріне де кешенді тексеру жүргізілді.

“Мал ұрлығы” операциясы 20 қарашаға дейін жалғасады. Полиция қызметкерлері мал ұрлығы мен оны тасымалдау саласындағы бұзушылықтардың алдын алу бойынша күшейтілген жұмыстарын жалғастыруда.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді