Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда «Участке» іс-шарасы аясында 12 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Алматыда «Участке» іс-шарасы аясында 12 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
Фото: Polisia.kz

Алматыда «Участке» іс-шарасы аясында 12 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласының жергілікті полиция қызметі 16 қыркүйекте басталған «Участке» республикалық іс-шарасының аяқталғанын мәлімдеді. Оның қорытындысы 15 желтоқсанда жарияланбақ.

– Бұл алдын алу шарасының басты мақсаты – азаматтар мен полиция арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, көпқабатты үйлердің шатыр кеңістіктерін тексеру арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу. Үш айдың ішінде Алматы қаласының полиция қызметкерлері 516 мыңнан астам тұрғын үй алқабын және 12 мыңнан аса саяжай аймағын аралап шықты. Сонымен қатар, тұрғылықты мекенжайы бойынша есепте тұрған 5 363 адам, 321 қолайсыз отбасы және 36 мыңнан астам тіркелген қару иелері тексеруден өтті. Нәтижесінде барлығы 12 231 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың көпшілігі қалада тіркеусіз тұрып, қоғамдық тәртіп пен қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Бұған қоса, іс-шара барысында полиция қызметкерлері есірткі сатуға қатысты 10 мыңнан астам жазуды анықтап, жойды, – дейді Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді