Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда есірткі саудасымен айналысқандар ұсталды

Қарағандыда есірткі саудасымен айналысқандар ұсталды
Фото: Polisia.kz

Қарағандыда есірткі саудасымен айналысқандар ұсталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қараша айының соңында облыстың полиция қызметкерлерімен прокуратураның бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 41 және 53 жастағы Қарағанды қаласының тұрғындары ұсталды.

Ұсталғандар қала аумағында есірткі сатуды ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Жедел әрекеттердің нәтижесінде заңсыз айналымнан есірткі тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттың 7,6 келі гашиш екені белгілі болды.

Күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция есірткі заттарын сату ауыр қылмыс санатына жататынын және ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылып, 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салады.

Жыл басынан бастап Қарағанды облысы аумағында есірткі заттарын тарату және граффити арқылы жарнамалаудың бес дерегі анықталып, ұсталғандар жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ облыс аумағында ірі көлемдегі есірткі зертханасы жойылып, 1 тоннадан астам прекурсор мен 10 келіден астам дайын есірткі тәркіленді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты