Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорда тұрғынынан ірі көлемде қарасора тәркіленді

Елорда тұрғынынан ірі көлемде қарасора тәркіленді
Фото: Polisia.kz

Елорда тұрғынынан ірі көлемде қарасора тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері аса ірі көлемде есірткіні заңсыз таратқан деген күдікпен 30 жастағы ер адамды ұстады.

Еліміздің оңтүстік өңірлерінен тыйым салынған заттарды әкеліп, клиенттерді іздеп, олармен әлеуметтік желі арқылы келіссөздер жүргізгені анықталды.

Осы мақсатта ер адам пәтер жалдап, одан әрі сату үшін есірткіні ораумен айналысқан. Тінту кезінде шкафта сұр-қара түсті зат салынған пакет, арнайы иісі бар өсімдік тектес заты бар фольгаға оралған пакеттер, электронды таразылар, 5 мың дана көлеміндегі бос Zip-lock қаптар, сондай-ақ 7,5 млн теңгеге жуық ақшалай қаражат анықталып тәркіленді,

Сонымен қатар тұрғылықты жерінен “ОСА” травматикалық тапаншасы мен “РАК” травматикалық оқтарын атуға қабілетті газды тапанша және 9 резеңке патрон тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, ұсталған азаматтан тәркіленген заттар салмағы 2 келіден асатын қарасора шайыры екені анықталды.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы бап 10 жылдан 15 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Күдікті Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады