Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанайда зейнеткерлердің атына 2,3 млн теңге несие ресімдеген пошта тасушы ұсталды

Қостанайда зейнеткерлердің атына 2,3 млн теңге несие ресімдеген пошта тасушы ұсталды
Фото: Polisia.kz

Қостанай ауданында полицейлер қарт адамдарды алдап, несиелер рәсімдеген пошта тасушының алаяқтық әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың сенімін пайдалана отырып, қаскүнем оңай жолмен пайда тапқысы келген.

Күдікті зейнеткерлерден хатты алғанын растау үшін, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын алу тәртібін жеңілдету деген желеумен суретке түсу керек деп, өзінің алаяқтық схемасын іске асырып отырған.

Содан кейін мобильді қосымшалардың көмегімен алаяқ жәбірленуішілердің атынан несиелер рәсімдеген.

Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде Қостанай ауданының бес зейнеткері алаяқтықтың құрбаны болды.

Мәселен, екі зардап шегушінің әрқайсысына 1 млн теңгеден кредит, ал қалғандарының атынан шағын несие рәсімдеген.

Жалпы материалдық шығын 2,3 млн теңгеден асты.

Алаяқтықтың бірнеше эпизодтары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, істі сотқа жіберді.

Мұндай қылмыс үшін заңда үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Осыған байланысты полиция азаматтарды қарт адамдарға алаяқтық схемалармен байланысты қауіптер туралы белсенді түрде хабарлауға және оларды алдаудан қорғаудың жолдары туралы айтуға шақырады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді