Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан полицейлері жағалауда жоғалған 6 жасар баланы тапты

Шардара АПБ-ға Жетісай ауданының тұрғыны қоңырау шалып, Шардара су қоймасының “Алтын жағажай” атты тұрғындардың демалыс орнына арналған жағалауында жүрген алты жасар баласының жоғалғанын айтып көмек сұрады. Полицейлер хабар алысымен жедел әрекетке көшті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Шардара ауданының учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Бақытжан Нұртазаев жоғалған баланы табу үшін барлық іздестіру жұмыстарын жүргізді. Учаскелік полицейге басқа да әріптестері көмекке келді. Олар баланың су жағалауында жоғалғанын ескеріп, уақыт өткізбестен жағалаудың маңын тінти бастайды.

Нәтижесінде учаскелік полиция инспекторы Б.Нұртазаев 6 жасар бүлдіршінді Жетісай ауданына шығатын жолдың бойынан табады. Бала ойнап жүріп анасынан ажырап қалған. Содан бала адасып жағалаудан 7 шақырым жерге дейін алыстап кеткен. Қазіргі таңда бала ата-анасына аман есен қайтарылды.

Баласымен қауышқан ата-ана тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

– Шардара ауданының полицейлеріне алғысымды айтамын. Жоғалған баламды небары 3 сағаттың ішінде тауып берді. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді баланың ата-анасы.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға балаларыңызға абай болыңыздар, сыртқа шыққанда қараусыз қалдырмаңыздар деп ескертеді. Әсіресе жолға шыққанда жаныңызда және сенімді адаммен бірге болғаны абзал!

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты