Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұрланған малды сатып алып, қайта сатумен айналысқан қарағандылық жауапқа тартылды

Ұрланған малды сатып алып, қайта сатумен айналысқан қарағандылық жауапқа тартылды
Фото: pixabay.com

Ұрланған малды сатып алып, қайта сатумен айналысқан Қарағанды тұрғыны жауапқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында криминалдық полиция қызметкерлері мал ұрлығына қатысты істі тергеуді белсенді түрде жалғастырып жатыр. 33 жастағы жергілікті тұрғын шаруашылық басшысының 13 сиырын ұрлады деген күдікпен ұсталып, кінәсін мойындады. Тергеу барысында полиция тағы бір қылмысты – ұрланған малды сатуды анықтады. Күдіктінің айтуы бойынша, сатып алушылардың бірі 41 жастағы қарағандылық болып шықты. Ол күдіктіден жеті сиырды 2 миллион теңгеге сатып алған.

Тергеу мәліметтері бойынша сатып алушы қылмыстық әрекетке қатысы бар екенін біліп қана қоймай, ұрланған малды басқа жерден сатып алынған деп айтып, жасыруға тырысқан.

Полиция азаматтарға ұрланған мүлікті сатып алу немесе сатуға қатысудың соңы заң алдында қатаң жауапкершілікке тартылуға әкеп соғатынын ескертті. Мұндай әрекет үшін айыппұлдан бастап, бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты