Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да полиция 10 млн теңгенің вейпін сатпақ болған күдіктілерді ұстады

ШҚО-да полиция 10 млн теңгенің вейпін сатпақ болған күдіктілерді ұстады
Фото: Polisia.kz

Риддерде жедел уәкілдер 900-ден астам электронды өнімді сатпақ болған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

21 жастағы күдіктіні полиция қызметкерлері тыйым салынған тауарды жергілікті тұрғынға сату кезінде ұстаған. Риддер тұрғыны қойма ретінде пайдаланған ғимараттан шамамен 10 миллион теңге тұратын 916 электронды темекі тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тауарды мессенджер арқылы сатып алып, кейіннен өзі сатуды көздеген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл құқық бұзушылық үшін күдіктіге 200 АЕК-ке дейін айыппұл, дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстары мен 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейін қамау жазасы тағайындалуы мүмкін.

Айта кетейік, биылғы 20 маусымнан бастап заң күшіне енгеннен кейін Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 2200-ден астам вейп, 540-тан астам хош иістендіргіш пен сұйықтық, 54 темекі өнімі, 240 картридж және 56 буландырғыш тәркіледі.

Заң күшіне енгеннен бастап 11 қылмыстық іс тіркеліп, 4 іс бойынша айыптау үкімі шықты. Кінәлілерге жалпы сомасы 150 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады