Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық жас мәнерлеп сырғанаушылар мұз шоуында әлемдік жұлдыздармен өнер көрсетеді

Елордалық жас мәнерлеп сырғанаушылар мұз шоуында әлемдік жұлдыздармен өнер көрсетеді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада 30 қараша күні халықаралық мұз шоуы өтеді, онда әлемдік мәнерлеп сырғанаушылармен бірге елорданың жас спортшылары мұз айдынына шығады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мұз айдынына 10-12 жас аралығындағы №2 БЖСМ тәрбиеленушісі – 12 бала шығады, олар әлемдік жұлдыздармен бірге өнер көрсетеді.Шоу үздік мәнерлеп сырғанаушылардың басын қосады, олардың арасында екі дүркін Олимпиада чемпионы Евгений Плющенко, Ресей чемпионы Александра Трусова, әлем чемпионы Дмитрий Алиев және т.б. бар. Көрермендердің ерекше назары үздік спортшылармен өнер көрсететін жас қатысушыларға аударылады.Жастар арасында Қазақстан чемпионаты мен кубогының жүлдегері Мария Полехина және спартакиада жүлдегері Алана Охрименко бар. Балалар «Щелкунчик», «Күлбике мен әдемі ханзада» сияқты әйгілі ертегілерге, сондай-ақ классикалық «Аққу көлі» және «Кішкентай су перісі» балеттерінің үзінділеріне негізделген орындауларды көрсетеді.Жас мәнерлеп сырғанаушыларды тәжірибелі тәлімгерлер – ҚР спорт шебері, жастар ҚРЧ жеңімпазы, кубоктар мен чемпионаттардың жүлдегері, №2 БЖСМ 1-санатты жаттықтырушы Екатерина Бихерт және жоғары санатты жаттықтырушы, ҚР Ұлттық төрешісі Олеся Воинкова жаттықтырады.Айта кетейік, бұл шоуға екі дүркін Олимпиада чемпионы Евгений Плющенко, Ресей чемпионы, бір дегенде төрт рет секірген алғашқы әйел Александра Трусова, Ресей чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дмитрий Алиев, Еуропа чемпионы, Гран-при финалының жеңімпазы Алена Косторная, екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Еуропа чемпионы және Гран-при финалының жеңімпазы, Испанияның төрт дүркін чемпионы Хавьер Фернандес, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Гергий Куница, жасөспірімдер арасындағы Ресей чемпионы Александр Плющенко және басқалар қатысады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады