Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ерболат Досаев алматылық спортшыларды Париж Олимпиадасындағы қола медальмен құттықтады

Ерболат Досаев алматылық спортшыларды Париж Олимпиадасындағы қола медальмен құттықтады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Алматы Сіздерді мақтан тұтады»: Ерболат Досаев алматылық спортшыларды Париж Олимпиадасындағы қола медальмен құттықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әкімі Ерболат Досаев пневматикалық мылтықтың атқыштары Ислам Сәтбаев пен Александра Лені Париждегі Олимпиада ойындарында қола медальдарымен құттықтады.
«Сіздердің еңбектеріңіз, спорттық шеберліктеріңіз лайықты марапатқа ие болды. Олимпиадада қола медаль мен құттықтаймын. қаланы әлемдік арнада таныс етіңіздер. Сол үшін біз ерекше қуаныштымыз. Сіздерге одан әрі сәттілік пен жаңа жеңістер тілеймін. Алматы Сіздерді мақтан тұтады», — деді қала басшысы Ерболат Досаев.
Анықтама үшін: қазақстандық атқыш Ислам Сәтбаев 1998 жылы 21 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Оқ атудан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2023 жылғы Әлем Кубогының күміс жүлдегері, 2021 жылғы Азия чемпионы, 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері, 2022 жылғы Әлем Кубогының қола жүлдегері.Қазақстандық атқыш, Қазақстан Республикасының оқ атудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Александра Ле 2004 жылы 3 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Жетістіктер қоржынында — 2024 жылғы Азия чемпионы, 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері, 2023 жылғы Әлем Кубогының жеңімпазы.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады