Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Отбасы банкке» ресми мәртебе беріледі

«Отбасы банкке» ресми мәртебе беріледі
Фото: Kazinform

«Отбасы банкке» ұлттық даму институты мәртебесі беріледі. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі осындай Үкімет қаулысының жобасын жариялады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«30 қазанда ҚР Парламентінің Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қабылдады. Заң жобасы аясында Отбасы банкіне азаматтарды есепке қою және оны жүргізу, сондай-ақ тұрғын үйді бөлу жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бере отырып, ұлттық даму институты мәртебесін беру ұсынылады», - деп жазылған құжаттың түсіндірме жазбасында.

Заңнамадағы өзгерісті іске асыру үшін министрлік «Отбасы банк «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына ұлттық даму институты мәртебесін беруді ұсынып отыр.

Еске салайық, аталған заң жобасы бойынша баспана кезегіне қою, кезектің сақталуын қадағалау, кезектегілерге тұрғын үй үйлестіру жұмыстары «Отбасы банк» пен соның жанынан құрылатын Тұрғын үймен қамту орталығына беріледі.

Құжатты Мәжіліс Сенат ұсынған өзгерістермен бірге қабылдап, Президентке жолдаған болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді