Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз балық тасымалдау дерегі анықталды

Алматы облысында заңсыз балық тасымалдау дерегі анықталды
Фото: Polisia.kz

Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз балық тасымалдау дерегі анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

31 қазанда “Браконьер” жедел-алдын алу іс-шарасының аясында Еңбекшіқазақ ауданында полиция басқармасының Шелек полиция бөлімінің қызметкерлері Шелек – Ақтоғай тас жолында “Mitsubishi SPACE WAGON” автокөлігін тоқтатып, заңсыз тасымалданып жатқан 168,5 кг балықты анықтады.

Бұл дерек полиция бөлімінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Алдын ала бағалау бойынша мемлекетке келтірілген шығын 551 мың 695 теңгені құрап отыр. Тәркіленген балық арнайы қабылдау пунктіне жеткізіліп, одан түскен қаражат мемлекеттік қазынаға аударылады.

“Браконьер” іс-шарасы браконьерлік әрекеттерді анықтап, табиғи ресурстардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Естеріңізге сала кетейік, бұл іс-шара 19 қарашаға дейін жалғасады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді