Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанадағы жәрмеңкеге Ақмола облысынан 100-ден астам тауар өндіруші қатысып жатыр

Астанадағы жәрмеңкеге Ақмола облысынан 100-ден астам тауар өндіруші қатысып жатыр
Фото: Астана қ.әкімдігі

Ақмола облысы Астананың айналасында азық-түлік белдеуін құрудың негізгі буыны болып саналады және республикадағы дәнді дақылдардың төрттен бір бөлігінен астамын өндіреді. Осындай ұранмен елордада өңір тауар өндірушілерінің қатысуымен дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр. Аграршылардың сөрелерінде аймақтың бетке ұстар кәсіпорындары ұсынған 40-тан астам азық-түлік түрі қойылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Ақмолалық өндірушілер елордаға барлығы 300 тоннадан астам өнім алып келді. Жәрмеңкедегі өнім бағасы нарықтағыдан 10-15 пайызға төмен. 

«Біздің өнімімізге 20 жылдан астам уақыт бойы сұраныс жоғары. Біз ет және ет өнімдерін өндірумен айналысамыз», – деп бөлісті Бурабай ауданының «Жас» ЖШС басшысы Зауре Ғалиақпарова.

Жәрмеңке тиімділігін елордалық тұрғындардың ұсынылған өнімнің сапасы, кең ассортименті және қолжетімді бағалары туралы оң пікірі дәлелдейді. Астана қаласының тұрғыны Күләш Қожахметова жәрмеңкеге жыл сайын келеді.

«Бүгін отбасыма ұнаған ақмолалық өндірушілердің ет және сүт өнімдерін сатып ала алғаныма қуаныштымын. Бағалар мен ассортимент көңілімнен шықты», – деп бөлісті К.Қожахметова.

Облыс әкімі Марат Ахметжанов жәрмеңкеге алғашқылардың бірі болып келіп, ұсынылған өнімдер ассортиментімен танысып, астаналықтардың тілегін тыңдады. 

«Демалыс күнгі жәрмеңкелерді» өткізу әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға және халықты нарықтағыдан 10-15% төмен бағамен табиғи азық-түлікпен қамтамасыз етуге оң әсер етеді. Бұл фермерлер үшін де тиімді, өйткені делдалдар саны едәуір азаяды», – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан.

Ақмола облысы – тұрғындарға өнімдерді жеткізуде көмек көрсететін еріктілері бар жалғыз өңір. Жәрмеңкедегі еріктілер қызметі дәстүрге айналып келеді. Бұл жолы да елорда тұрғындарының сатып алған өнімдерін артып-тиеуге және тасымалдауға көмектескен 50-ден астам жас волонтер келді. Сондай-ақ, келушілердің назарына өңір әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. 

Айта кетейік, Ақмола облысы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне тұрақты түрде елеулі үлес қосып, республика бойынша дәнді дақылдардың көп бөлігін қамтамасыз етеді. Биыл өңір 6,6 миллион тонна астық жинап, елдің астық орталығы мәртебесін тағы да дәлелдеді. 


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді