Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Есірткі таратушыларды ұстаған ұландық сарбаздар марапатталды

Есірткі таратушыларды ұстаған ұландық сарбаздар марапатталды
Фото: Polisia.kz

21 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін адал атқарғаны үшін әскери қызметшілер марапатталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қырағылығымен және кәсіби шеберлігімен ерекшеленген ұландықтар ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының құқығымен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қазанда елордалық бригаданың әскери қызметшілері Астана қаласының Есіл ауданында қызмет атқару кезінде есірткі ұстаушыны ұстады.

Патрульдеу кезінде әскери жасақ бастығы Диас Пахолков, патрульдік топ бастығы Ырыскелді Сайлауұлы, патрульші сарбаздар Дархан Булушев, Андрей Артамошин, Темірлан Аганкелдиев және Еламан Әбүйір сағат 20:00 шамасында қала көшелерінің бірінде әр жерге түйіндемелер жасырып жатқан азаматтарды қолға түсірген. Заң бұзушылар ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Жүргізілген сараптама барысында жоғарыда аталған заттың синтетикалық препарат екені анықталды, күдіктілерден жалпы саны 64 бума тәркіленді. Осылайша, ұландықтар есірткінің одан әрі тарауының алдын алды.

– Сарбаздардың төртеуі — Ырыскелді Сайлауұлы, Дархан Булушев, Андрей Артамошин және Еламан Әбүйір грамотамен марапатталды. Ал Диас Пахолковке “Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін” төсбелгісі берілді. Темірлан Аганкелдиев 10 күндік қысқа мерзімді демалыс алып, жақындарымен бірге уақыт өткізіп жатыр, – дейді жедел құрама командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Тимур Рахимов.

Аталған әскери қызметшілерге марапаттарды 5573 әскери бөлімінің командирі Аян Есжанов жеке құрам алдында табыстады әрі өз құқығымен де марапаттады.

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күн сайын бейбіт азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғай отырып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Елордалық ұландықтар батылдық пен шапшаңдықтың — қазіргі қазақстандық заманауи әскери қызметшінің айрықша қасиеті екенін дәлелдеп келеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты