Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті

Шымкентте «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің атсалысуымен дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Этнос өкілдерін қоғамдық бастамаларға ұйыстыру арқылы мемлекет құраушы қазақ халқының маңайына топтастыру, ұлтымыздың қонақжайлық және сыйластық сынды игі дәстүрлерін дәріптеуді көздеген бұл игі іс-шараға қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы, қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесі сынды қоғамдық құрылымдардың жетекшілері мен мүшелері, зиялы қауым өкілдері, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Өткен жылдары ет асудан, қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеуден және ұмыт бола бастаған дәстүрлі тағамдарды дайындаудан сайысқа түскен этнос өкілдері биыл қазақ тағамдарынан дастархан жайып, қалың көпшіліктің назарына ұсынды. Ортақ қазанда ет асып, әр үстел басындағы қонақтарға түрлі ұлттық тағамдар мен табақ тарту арқылы қазақтың салт-дәстүрі мен дастархан мәдениетін меңгергенін жұртшылыққа паш етті. Этнос өкілдерін бір арнаға ұйыстырып, маңызды құндылықтарды дәріптейтін фестивальдің мазмұнын тілге тиек еткен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы аталған іс-шараның жалпыұлттық құндылықтарды өскелең ұрпақ жадында жаңғыртуға септесетінін атап өтті.

– Өткеніміз бен бүгінімізді салыстырған жанға бүгінгі іс-шараның мәнін ұғу қиын емес. Кеңестік дәуірде қазақ еліне жер аударылғандар алдыңғы буынның кең пейілі мен дархан дастарханының арқасында осы күнге аман-есен жетті, - дейді этнос өкілдері.

Сыйластық, достық, қонақжайлық – бұл ұғымдар барша отандастарымыздың дүниетанымы мен өмір салтының негізінде жатыр. Осындай құндылықтардың арқасында біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда бейбітшілік пен қоғамдық келісім сақталып отыр, – деді Айгерім Жұмағұлова. Дастархан басында бата берген қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев «Қазақ дастарханы» фестивалінің мақсаты – тек ас ішіп, ыдыс босату емес, баршамыздың Қазақстан деп аталатын мемлекетте тату-тәтті өмір сүріп жатқанымызды көрсету. Бір қазаннан ас ішіп, бір дастархан басында басқосып, өзара сыйластық пен татулықты көрсетуді көздейтінін атап өтті. Фестиваль барысында қалалық «Салт-дәстүр және әдет-ғұрып орталығының» мамандары қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен тағамдары туралы жан-жақты мағлұмат берді. Биыл аталған іс-шараға алғаш рет қатысқан қалалық «Ассамблея жастары» ұйымының өкілі Нурали Гусейнов «Қазақ дастарханы» фестивалінің көңілінен шыққанын айтты.

– Үлкен атам бізге қазақ халқына құрмет көрсету туралы жиі айтатын. Жер аударылып, Қазақстанға келгенде қазақтардың бауырына тартып, дастарханындағы нанымен, құртымен бөліскенін көп еске алатын. Ішіп-жеуден қиналғанда қазақтардың үйіне шақырып, мата дастарханын ашқанда әрқайсымызға бір-бір құрттан немесе бір үзім наннан тиіп, бақыттан басымыз айналатын, – дейтін.


Қазақ дастарханы – береке бастауы. Себебі қаншама ұлт пен ұлысты демеп, қолындағы барымен бөлісу кез келген халықтың қолынан келе бермейді. Өз басым қазақ еліне, қазақ халқына, қазақ дастарханына және қазақтың кең пейіліне айтар алғысым шексіз, – деді Нурали Ахмадұлы.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында қолға алынған «Қазақ дастарханы» фестивалі алғаш рет 2015 жылы Шымкент қаласында бастау алған болатын. Жыл сайын түрлі форматта өтетін фестиваль биыл тоғызыншы рет қалалық ассамблеяның ұйымдастыруымен өткізілді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді