Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да ювеналды полиция инспекторы екі есірткі қылмысын анықтады

СҚО-да ювеналды полиция инспекторы екі есірткі қылмысын анықтады
Фото: Polisia.kz

Мамлют ауданының полиция бөлімінде қысқа мерзім ішінде екі есірткі қылмысының бетін ашқан ювеналды полицейдің қызметі туралы айтылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тамыз айында “Тұрмыс. Қадағалау. Алкоголь” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға учаскелік инспектор Нұрлыбек Оспанов тексеруге келген үйлердің бірінде марихуананың иісін және осы үйде тұрып 42 жастағы азаматтың есірткіні пайдаланғаны айқын көрінетін белгілерді байқаған. Медициналық куәландыру ер адамның есірткілік масаң күйде болғанын көрсетті. Анықталғандай, ол марихуананы үйге жапсарлас салынған бөлмеде сақтаған. Тәркіленген заттың салмағы – 143 грамм.

Ал тамыз айының соңында ауданда тұратын әйелдердің бірі Оспановқа жүгініп, өзімен бірге тұрып жатқан ер адамның оғаш қылықтары туралы хабарлаған. Бұдан қорыққан 5 пен 15 жастағы балалар моншада жасырынған, әйелін үйіне кіргізгісі келмеген. Полицейлер есірткілік масаң күйдің белгілері анық көрініп тұрған ер адамды тыныштандырды. Нұрлыбек қора-қопсыны тексеру кезінде марихуананы шегуге арналған қолдан жасалған құрылғыны тапты. Бұдан бөлек, учаскелік инспектордың көзіне ойыншық көлік түскен. Үй иесі оның ішіне шамамен 6 грамм марихуана жасырып қойған екен.

– Қазіргі уақытта мамлюттік екі тұрғынды де есірткі сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша тергеу жүріп жатыр. Қызметкерлер күдіктілердің отбасыларындағы жағдайды бақылауда ұстап отыр, – деп нақтылады аудандық ПБ бастығы Петр Климов.

Полиция қызметкері Оспановтың қырағылығы басшылық назарынан тыс қалмады: оны көтермелеу туралы өтінішхат жіберілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі