Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Маугли балалардың анасы” ата-ана құқығынан айырылады

“Маугли балалардың анасы” ата-ана құқығынан айырылады
Фото: polisia.kz

Алматы қалалық полиция департаменті “Маугли балалардың анасы” ата-ана құқығынан айырылатынын айтты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Дабыл қаққан Медеу аудандық ПБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы бірнеше күн бойы полицияда есепте тұрған 41 жастағы Х.есімді азаматшаның отбасын тексеруге әрекеттенген.

– Бұл отбасын биылғы жылдың мамыр айында тіркедік, балалардың анасы Павлодардан келген. Тексеру кезінде әйел байланысқа шығуға құлықсыз болды. Кезекті тексеру барысында, 8 тамызда бірдеңенің дұрыс емес екенін сездім: үйде дыбыстар естілді, бірақ есікті ешкім ашпады. Менің дабылым бойынша оқиға орнына жергілікті учаскелік инспектор, ТЖД қызметкерлері мен қамқоршылық өкілдері тартылды. Есік күшпен ашылды. Сараптамамен расталғандай, әйел үйде “орташа дәрежедегі” алкогольдік масаң күйде болған. 2016 жылы туған қыз балаға, 2018 жылы туған ұл балаға және 2020 жылы туған тағы бір ұл балаға күтім жасалмаған. Үйдің іші лас болды. Балалар бірден өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсету орталығына жеткізілді, – дейді Медеу аудандық ПБ ЮПБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы Айжан Бутабаева.

Медеу аудандық полиция басқармасы басшылығының айтуынша, іс материалдары жинақталып, әйелді одан әрі ата-аналық құқығынан айыру үшін 2023 жылдың 18 тамызында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына жолданатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады