Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО полицейлері ауыл тұрғынының үйінен бір келіден астам есірткі тәркіледі

СҚО полицейлері ауыл тұрғынының үйінен бір келіден астам есірткі тәркіледі
Фото: polisia.kz

СҚО полицейлері ауыл тұрғынының үйінен бір келіден астам есірткі тәркіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар барысында үйінен марихуананың аса ірі мөлшері тәркіленген 55 жастағы солтүстікқазақстандық 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  Мамлют ауданындағы ауылдардың бірінің тұрғынының үйінен полицейлер өзіне тән иісі бар өсімдік тектес жасыл түсті зат салынған 8 полимерлік түйіншек анықтады. Дәл осындай зат қағаздан жасалған екі ораманың ішінде болды. Бұл заттың жалпы салмағы 1 келі 22 грамды құрады. Сараптама нәтижесі оның кептірілген марихуана екенін көрсетті. Сондай-ақ тәртіп сақшылары тұрғынның үйінен екі пластикалық бөтелке тәркілеп алды.  

– Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу барысында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру фактісі тексеріледі, – дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаров.  

Полицейлер ескерткендей, есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдалану үшін де 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң жаза көзделген.  Есірткінің заңсыз айналымымен түбегейлі күрес – полиция жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі. Жыл басынан СҚО полицейлері 27 есірткі құқық бұзушылығының жолын кесті, оның 11-і – өткізу фактісі.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты