СҚО-да жылқыны жетектеп кетіп бара жатқан ер адамды көлік қағып, тұрғын оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды ІІМ ресми Polisia.kz.
Басылымның мәліметінше, қайғылы оқиға 25 желтоқсан күні сағат кешкі 18:00 шамасында болған. Белгілі болғандай, Жезқазған – Петропавл автожолының 840-шақырымында, Николаевка ауылының маңында Chevrolet Nexia автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі, жол үстінде шанаға жегілген жылқыны жетектеп кетіп бара жатқан 61 жастағы Есіл ауданының тұрғынын қағып кеткен.
Салдарынан шанаға жегілген жылқыны жетектеп бара жатқан ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болғаны анықталды. Сонымен қатар басылым ұсынған мәліметтерге сәйкес, Chevrolet Nexia автокөлігінің жүргізушісі сол күні мас күйде болмағаны белгілі болды. Қазіргі таңда, жол-көлік оқиғасы фактісі ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу аясында полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтап жатқандығы белгілі болды. Бұған қоса, бірқатар қажетті сараптамалар да тағайындалған. Полиция жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын айтады.
28-12-2022, 13:27
CҚО-да жылқыны жетектеген ер адамды көлік қағып кетті
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз