Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда ірі есірткі зертханасы жойылды

Алматыда ірі есірткі зертханасы жойылды
Фото: Polisia.kz

Алматыда ірі есірткі зертханасы жойылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Есірткі зертханасы Әуезов ауданының жеке секторында орналасқан. Кеше кешке криминалдық полиция және есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы іс-шара жүргізді.

– Нәтижесінде қылмыстық іс-әрекетті ұйымдастырған 36 жастағы ер адам ұсталды. Атап айтқанда, жылыжай қызметін атқарған үйден 270 түп қарасора, 3 бөшке иісі бар сұйықтық, 3 қап тыңайтқыш, 17 қышқыл ерітіндісі, тамақ таразысы, 23 жарықтандыру шамы және т.б. зертханалық құрал-жабдықтар табылды. “Технолог” қылмыстық әрекетін мойындады. Аталған дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

Спикердің айтуынша, заттай айғақтар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды.

Сонымен қатар есірткіні өндіруге қатысы болуы мүмкін басқа да адамдарды, сондай-ақ сусынды тарату арнасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді