Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырау облысында жол-көлік оқиғасы өткен жылмен салыстырғанда 34%-ға төмендеген

Атырау облысында жол-көлік оқиғасы өткен жылмен салыстырғанда 34%-ға төмендеген
Фото: Polisia.kz

Атырау облысында жыл басынан бері республикалық, ауданаралық тасжолдарда жол-көлік оқиғасы өткен жылмен салыстырғанда 34%-ға төмендеген, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысында қала сыртындағы тас жолдарда апаттық жағдай күрделі болуына байланысты өңірде жыл басынан бері жол қозғалысын бақылауды күшейту бойынша бірқатар бастамалар қолға алынды.

Атап айтсақ, 15 бағанада орнатылған «Трафик-Сканер» және 28 «Кибер-Шериф» автоматты фотобейне түсіру кешендерінің жергілікті атқарушы органның қолдауымен іске қосылды. Аталған кешендер адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркейді.

Бұл – көлік шектеу жылдамдығын сақтамау, қарсы қозғалыс жолағына шығу. Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда жасырын патрульдеу әдісі бойынша ішкі істер органдарына бекітілген арнайы 8 автопатруль көліктері қызмет атқаруда. Олар «Оракул Инсайт» кешенімен жабдықталған.

Басты мақсат – жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол қозғалысына қатысушылардың барлығының жол қозғалыс ережелерін сақтауын қамтамасыз ету.

Осы іс-шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері облыстағы республикалық, ауданаралық тасжолда орын алған жол көлік оқиғасы өткен жылмен салыстырғанда 34%-ға төмендеп отыр.

Осыған орай, тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарына жолдағы әрбір адамның қауіпсіздігіне бағытталған іс-шараларға түсіністікпен қарап, жол қозғалысы туралы заңда белгіленген жол жүрісінің барлық ережелерін мүлтіксіз сақтау керектігін ескертеді.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты