Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Туған күнін тойлап жүрген: Қостанайда полицейлер скутердің мас жүргізушісін ұстады

Туған күнін тойлап жүрген: Қостанайда полицейлер скутердің мас жүргізушісін ұстады
Фото: Polisia.kz

Қостанайда полицейлер туған күнін тойлап жүрген скутердің мас жүргізушісін ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Енді ол 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

2 қазанға қараған түні қаланың орталық көшелерінің бірінде патрульдік полицейлер күмән тудыратын маневрлер жасап жүрген скутерді байқады. Полиция жүргізушіні тоқтатып, сөйлесу кезінде алкогольдің иісін айқын байқады.

Оның жағдайын тексеру үшін қызметкерлер оны медициналық куәландыруға жеткізді. Сараптама алкогольдік мас болудың орташа дәрежесін көрсетті.

Белгілі болғандай 27 жастағы азамат туған күнін тойлап болғасын үйіне скутермен жетпек болған. Полиция оны ұстап, уақытша ұстау бөлмесіне орналастырды, ал скутер айыппұл тұрағына жіберілді.

Мас күйінде көлік құралын басқару фактісі бойынша іс материалдары сотқа жауапқа тарту үшін жолданды.

Полиция азаматтарды жол ережесін бұзбауға шақырады. Жыл басынан бері аймақта скутерлер мен мопедтердің қатысуымен 42 жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан 2 адам қаза тапты, оның ішінде жасөспірім де бар. Сондай-ақ 44 адам түрлі жарақат алды.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді