Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанайда полицейлер мас күйде көлік ұрлаған күдіктіні “ізін суытпай” ұстады

Қостанайда полицейлер мас күйде көлік ұрлаған күдіктіні “ізін суытпай” ұстады
Фото: polisia.kz

Қостанайда полицейлер мас күйде көлік ұрлаған күдіктіні “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

22 тамыз күні түстен кейін полицияға Темірбаев көшесі, 39 үйінің ауласынан Volkswagen Passat көлігінің ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті.

3 минуттан кейін камераларды қарау барысында бейнебақылау инспекторы Рахиля Сұлтанханова Тәуелсіздік – Алтынсарин көшелерінің қиылысында көлікті тапты.

Бұл жерге патрульдік полиция қызметкерлері Серікжан Жонқабаев пен Азамат Кенжалин жіберілді. Олар Қостанайға табыс табу үшін келген Алматы облысының 35 жастағы тұрғынын ұстады. Одан алкогольдің иіс шығып тұрған.

Жүргізілген сараптама, ұсталған жүргізушіден мас болудың жеңіл дәрежесін көрсетті. Сонымен қатар полиция ер адамның көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екенін анықтады.

Сондықтан оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады. Ол үшін 20 тәулікке қамауға алынады.

Көлік ұрлау фактісі бойынша қалалық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды.

Тексеру барысында көліктің иесі оны ашық қалдырғаны және оның қосалқы кілттері бар екендігі анықталды.

Ведомствода азаматтарды өз мүлкіне ұқыпты қарауға шақырады.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс бойынша автокөлік ұрлаудың 40 фактісі тіркеліп, барлығы ашылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді