Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да 154 отбасы ювеналды полицияның есебінде тұр

СҚО-да 154 отбасы ювеналды полицияның есебінде тұр
Фото: polisia.kz

17 қыркүйекте басталған “Жасөспірім” жедел алдын алу іс-шарасы аясында СҚО полицейлері ата-аналармен профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түнгі уақытта көшелер мен ойын-сауық орындары бойынша күшейтілген рейдтер, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды тексеру жоспарланған. Тексерулер прокуратурамен, білім және қамқоршылық органдарымен бірлесіп жүргізіледі.

Петропавл полицейлері баратын отбасылардың бірінде 8 жасар қыз бар. Ата-аналардың екеуі де ішімдікке тәуелді, үйдегі атмосфера осы кезеңде балаға кері әсер етеді. Қазіргі уақытта ювеналды полиция қызметкерлері осы факт бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қарау үшін материал жинауда. Көбінесе немқұрайлы ата-аналарға түзету мерзімі беріледі, егер комиссияның талаптары орындалмаса, ата-ана құқықтарын шектеу немесе айыру туралы мәселе қаралады.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында полицияда кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді атқармайтын 154 ата-ана есепте тұр. Облыс бойынша ювеналды полицейлердің бастамасы бойынша жыл басынан бері 45 адам ата-ана құқығынан айырылды, оның 18-і – Петропавлда, тағы 14-і ата-ана құқығынан шектелді (облыс орталығында – 3).

Мұндай жайттардың басты себебі – ішімдікті шектен тыс пайдалану, яғни балаларға және олардың әл-ауқатына қамқорлық жасамау. Полицейлердің профилактикалық жұмысы балалардың қараусыз қалуын болдырмауға, жасөспірімдер қылмысын азайтуға, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алуға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді