Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда қолайсыз отбасындағы бүлдіршіндер балалар үйіне орналастырылды

Павлодарда қолайсыз отбасындағы бүлдіршіндер балалар үйіне орналастырылды
Фото: polisia.kz

Павлодарда қолайсыз отбасындағы бүлдіршіндер балалар үйіне орналастырылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар полицейлері қолайсыз отбасында тұрып жатқан үш баланы анықтады. Мекенжайға келген тәртіп сақшылары пәтерде антисанитария жоқ екенін және әкесінің мас күйде бөлмелердің бірінде еденде ұйықтап жатқанын көрген.

– Балалардың ата-аналары алкогольді ішімдік ішетіні, балаларына мүлдем қарамайтындығы анықталды. Үйде азық-түлік болмаған, санитарлық нормалар сақталмаған, балалардың ұйықтайтын орындары жоқ, бөлмелерде толық антисанитария болмаған. Сонымен қатар 2019, 2021 және 2021 жылы туған балалар емханада есепте тұрмаған, – деді Павлодар қаласының ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

Полиция қызметкерлері мен қамқоршылық органдары кәмелетке толмағандарды дереу отбасынан алып, оларды балалар үйіне орналастыру туралы шешім қабылдады.

Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 2001 және 2002 жылы туған ата-аналарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлімі (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша әкімшілік материал толтырылып, сотқа қарау үшін жіберілді. Сонымен қатар, ата-аналардың мінез-құлқы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссияда қаралады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыстың ішкі істер органдарының есебінде 288 қолайсыз отбасы тұр.
Өз кезегінде, Павлодар облысының полициясы өңір тұрғындарына жүгінеді: егер Сіз өмірлік қиын жағдайға тап болған немесе балалар зардап шегетін немесе зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасыларды білсеңіз, 102 нөміріне немесе @dp_pavlodar, @polisia_pavlodar арқылы дереу хабарласуыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті