Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында 10-ға жуық қос азаматтық фактісі анықталды

Абай облысында 10-ға жуық қос азаматтық фактісі анықталды
Фото: polisia.kz

Абай облысында 10-ға жуық қос азаматтық фактісі анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай облысы ПД көші-қон кызметі облыс аумағында қос азаматтығы бар адамдарды анықтау бойынша күнделікті жұмысты жалғастырып жатыр.

Басқа елдің азаматтыгына кірмес бұрын ҚР азаматы қазақстандық азаматтықтан бас тартуы қажет екені туралы атап еткен жөн.

Ол үшін З0 күн мерзім ішінде ішкі істер органдарын өзге мемлекеттің азаматтығын алу жоспарланғаны туралы хабарлап, сондай-ақ ҚР паспорты мен жеке куәлігін тапсыруы қажет.

Өкінішке орай, Абай облысының кейбір тұргындары бұл рәсімді елемейді, сондықтан қос азаматтық фактілерінің өсуі байқалады.

2024 жылдың 8 айында Абай облысы ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері 10-ға жуық қос азаматтықпен жүргендерді анықтаған.

Қос азаматтықтың бірнеше себептері бар: төтенше жағдайлар туындаған жағдайда шұғыл эмиграция мүмкіндігі, материалдық көмектер алу, атап айтқанда зейнетақы есебі, балалар туылған кездегі жәрдемақы, жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдік жағдайлары және т.б.

Мысалы тамыз айында Бородулиха ауданыдық ПБ-нің көші-қон қызметінің қызметкерлері Бородулиха ауданының 54 жастағы тұрғынын анықтаған. Ол 2024 жылдың маусым айында Ресей Федерациясының азаматтығын алған, алайда ол туралы хабарламаған және сәйкесінше Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды уақытылы ресімдемеген.

Сот шешімі бойынша құқық бұзушы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығарылды.

Құқық бұзушыдан Қазақстан Республикасы азаматының паспорты тәркіленіп, Қазақстан азаматтығынан айрылуы рәсімделді.

Абай облысы ПД көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салады және көші-қон заңнамасын сақтауды сұрайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты