Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонға Электрондық үкімет саласындағы ынтымақтастық туралы есеп берілді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонға Электрондық үкімет саласындағы ынтымақтастық туралы есеп берілді
Фото: Ақорда

Президенттерге биыл екі елдің мамандары Интернет-ресурстардың бірыңғай платформасы мен SmartBridge жүйелерінің негізгі компоненттерін Тәжікстан серверлерінде сәтті орналастырғаны жөнінде баяндалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пен Тәжікстанның Инновациялар және цифрлық технологиялар агенттігінің директоры Мирзо Хуршед тәжік мамандарының арнайы оқу курсынан өткенін жеткізді. Қазір Тәжікстанның мемлекеттік органдарына арналған сайттарды әзірлеу жұмыстары қолға алынып, IT-шешімдерді интеграциялау ісі егжей-тегжейлі пысықталып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонға мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін және тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктері жайында мәлімет берілді. Бұл екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ең перспективті бағытының бірі болмақ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты