Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне арнайы қатысқаны және Астананың бастамалары мен басымдықтарын тұрақты түрде қолдап келе жатқаны үшін Эмомали Рахмонға ризашылығын білдірді.
– Саммитке Сіздің қатысуыңыздың мәні зор. Себебі 1996 жылы құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының бастауында болған президенттердің бірісіз. Менің ойымша, бұл ұйым – шын мәнінде, тиімді, беделді әрі демократиялық бірлестік. Ертеңгі саммит табысты өтеді деп үміттенемін, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағытта қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан мен Тәжікстан шын мәнінде одақтастық қатынастарды жолға қоя білді.  Бұған Эмомали Рахмонның сіңірген еңбегі орасан.Тәжікстан Президенті өз кезегінде Қазақстанның ШЫҰ-дағы төрағалығы табысты өткенін айтты. Сондай-ақ екі елдің сауда-экономикалық, мәдени гуманитарлық салалардағы және қауіпсіздік бағытындағы ынтымақтастығы жоспарлы түрде дамып келе жатқанын атап өтті.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастығының жекелеген аспектілерін қарастырды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі