Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ВАК Қазақстанның бас санитарлық дәрігеріне карантин режимі бойынша бірқатар қосымша шара қабылдауды ұсынды

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz ҚР Премьер-Министрінің сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында «Дельта» («Үнді») штаммына тән COVID-19 мутациясының анықталуына байланысты Ведомствоаралық комиссия ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігеріне карантиндік режим бойынша мынадай қосымша шаралар қабылдауды ұсынды:

  1. COVID-19-ға қарсы вакцинасыз (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) қызмет көрсету саласының қызметкерлері, ірі ұйымдасқан ұжымдар (өнеркәсіптік кәсіпорындар) үшін жұмысқа кіруге шектеу енгізу);

  2. КВИ-ға қарсы вакцина алудан бас тартатын (КВИ-ға қарсы вакциналауға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ азаматтар) қызмет көрсету саласының, өнеркәсіп кәсіпорындарының және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін міндетті ПТР-тестілеу талабын енгізу);

  3. «Ashyq» жобасына жаңа кәсіпкерлік субъектілерін қосу үшін, сондай-ақ жоба аясында жұмыс істеп тұрған субъектілердің жұмысын одан әрі жалғастыру үшін барлық персоналды (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) вакциналау қажеттілігі жөнінде талап енгізу);

  4. «Ashyq» жобасына сауда ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлері мен азық-түліктік емес базарларды қосу.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантиндік режимді күшейту жөніндегі ұсынысы қолдау тапты:

  1. Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін азық-түлік емес тауарларды сататын сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда орталықтарының, сауда желілерінің жұмыс режимін шектеу (осы объектілерде COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау пункттерінің орналасуына қарамастан);

  2. сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, сағат 7.00-20.00 аралығында ғимарат ішіндегі қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) жұмысын шектеу, ашық ауада сағат 7.00-22.00 аралығында шектеу («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда»);

  3. жабық азық-түліктік емес базарлардың жұмысын демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеу (осы объектілерде COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау пункттерінің орналасуына қарамастан);

  4. санитарлық талаптарды сақтай отырып, 100 адамнан асса, ашық ауада жаппай іс-шаралар өткізуге тыйым салу (діни, спорттық және т.б.)

Сонымен қатар Е. Тоғжанов орталық мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге штаммның жоғары контагиоздылығын ескере отырып, «Дельта» штамының таралуының алдын алу бойынша барлық шараларды қабылдауды тапсырды.

Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, осы жылғы 28 маусымға дейін резервтік қорлардағы төсек қорына, кадрлық қамтамасыз етуге, дәрі-дәрмектердің жеткіліктілігіне тексеру жүргізу тапсырылды.

Қорытындылай келе, Премьер-Министрдің орынбасары халықты коронавирусқа қарсы вакцинамен қамтуды ұлғайту қажеттігін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді