Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мамин елордада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейтуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz ҚР Премьер-Министрінің сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы баяндады.

Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауға алынған. Вирустың репродуктивтік индексі 1 құрайды, инфекциялық төсек орындар 25%, реанимациялық төсек орындары 21% толы.

Нұр-Сұлтан қаласы әлі де «қызыл аймақта» тұр, «сары аймақта» 5 өңір: Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған 11 өңір – «жасыл аймақта».

Бүгінгі таңда 2,8 млн-нан астам адам бірінші компонентті, 1,7 млн-нан астамы екінші компонентті алды.

Премьер-Министр елордада коронавирустың үнділік «Дельта» штамына тән мутацияның ықтималдығы анықталып отқанын, оның таралу жылдамдығы өте жоғары, жылдам өршитінін және салдары анағұрлым ауыр екенін атап өтті. 

Үкімет басшысы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды, Ведомствоаралық комиссияға елордадағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейту бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.

«Жалпы, Қазақстандағы жағдай тұрақты болғанына қарамастан, көрші мемлекеттердегі жағдай нашарлай түсуде. Сондықтан мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту керек, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтауға және вакциналау қарқынын арттыруға ерекше назар аудару қажет», — деді А. Мамин.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда